Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 133 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 38/417-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментіне 2019 жылғы 24 маусымда № 5094 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 қазандағы қорытындысы негізінде Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктері:

      Шарапхана ауылдық округі – Сарапхана ауылдық округі болып;

      Шарапхана елді мекені – Сарапхана елді мекені болып қайта аталсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулы мен шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен қаулы мен шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының әкімдігі осы бірлескен қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Бекенов
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ. Балабиев
      Қ.Қ. Айтмұхаметов
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      М.И. Мырзалиев
      М.Н. Отарбаев
      Е.Ә. Садыр
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады