Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 587-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес Түркістан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/358-V "Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 5 қаңтарда № 3510 тіркелген, 2016 жылы 14 қаңтарда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде № 5-6 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Л.Тәшімов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Қ.Балабиев |
Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/437-VI шешіміне 1-қосымша |
Түркістан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Р/с | Орман пайдаланудың түрлері | Өлшем бірлігі |
Төлемақы мөлшерлемелері | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | ||||
Ұзақ мерзімді пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін) | |||||||
1. | Ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттарға мемлекеттік орман қоры жерлерін пайдалану | гектар | 0,0478 | ||||
Тарихи мәдени,рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарға мемлекеттік орман қоры жерлерін пайдалану | гектар | 0,1989 | |||||
2. | Аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары үшін орман қоры учаскелерін пайдалану | Гектар | 0,0957 | ||||
Қысқа мерзімді пайдалану (1-10 жылға дейін) | |||||||
3. | Ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттарға мемлекеттік орман қоры жерлерін пайдалану | күніне/ адам | 0,1 | ||||
Тарихи мәдени,рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарға мемлекеттік орман қоры жерлерін пайдалану | |||||||
4. | Балара ұяларын орналастыру | дана | 0,0957 | ||||
5. | Аң өсіру | гектар | 0,1989 | ||||
6. | Көкөніс, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру | гектар | Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 510-бабының 1 тармағының талаптары ескеріле отырып, 503,506 (508) баптарға сәйкес жер салығы (белгіленген базалық мөлшерлемелері) деңгейінде айқындалады | ||||
7. |
Шөп шабу: |
Гектар |
0,1148 | ||||
8. | Мал жаю үшін | ||||||
Жануарлар топтары |
Ірі қара мал |
Ұсақ мал | |||||
Түйе | Ірі қара мал | Жылқы | Ірі қара малдың төлдері | Есек | Ешкі | Қой | |
Мал жаюдың төлемақы мөлшерлемелері (теңге) | 0,0670 | 0,0536 | 0,0536 | 0,0268 | 0,0268 | 0,0469 | 0,0133 |
Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/437-VI шешіміне 2-қосымша |
Түркістан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде дәрілік өсімдіктерді, жабайы жемістерді, жаңғақтарды, жидектерді, техникалық шикізатты, қамыс пен саңырауқұлақтарды жинау және дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері
Р/с | Өсімдіктер мен жеміс-жидектердің атаулары | Өлшем бірлігі | Шикізат түрі (құрғақ күйінде) | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
Дәрі – дәрмектік өсімдіктер | ||||
1. | Дәрілік жалбызтікен | килограмм | тамыры | 0,0871 |
2. | Бөрі қарақат | килограмм | жемістері | 0,2289 |
3. | Құмды бессмертник (цмин) | килограмм | гүлдері | 0,1960 |
4. | Алқызыл долана | килограмм | жемістері | 0,0740 |
5. | Айланшөп таран | килограмм | шөп | 0,1437 |
6. | Биік андыз | килограмм | тамыры | 0,0871 |
7. | Дәрі түйе жоңышқа | килограмм | шөп | 0,1960 |
8. | Кәдімгі жұпаргүл | килограмм | шөп | 0,2158 |
9. | Шілтер жапырақ шаңқурай | килограмм | шөп | 0,1635 |
10. | Қосүйлі қалақай | килограмм | жапырақтар | 0,1960 |
11. | Кәдімгі өгейшөп | килограмм | гүлдер, жапырақтар | 0,1306 |
12. | Дала жалбыз | килограмм | шөп | 0,1306 |
13. | Дәрі бақбақ | килограмм | тамыры | 0,1742 |
14. | Кәдімгі түйшетен | килограмм | гүлдері | 0,1306 |
15. | Үлкен бақа жапырақ | килограмм | жапырақтар | 0,1306 |
16. | Ащы жусан | килограмм | шөп | 0,0982 |
17. | Дәрілік түймедағы (ромашка) | килограмм | гүлсебеттер | 0,1960 |
18. | Мия | килограмм | тамырлар | 0,0435 |
19. | Кәдімгі мыңжапырақ | килограмм | шөп | 0,1504 |
20. | Дала қырықбуыны | килограмм | шөп | 0,1504 |
21. | Сұңғыла (цистанхе) | килограмм | тамыры | 0,0950 |
22. | Сасық кереуік | килограмм | тамыры | 0,1742 |
23. | Үштармақ итошаған | килограмм | шөп | 0,1176 |
24. | Шөлдік шалфей | килограмм | жапырақтар | 0,1176 |
Жаңғақтар мен жемістер | ||||
25. | Итмұрын раушан | килограмм | жемістер | 0,1742 |
26. | Өрік | килограмм | жемістер | 0,0316 |
27. | Алша | килограмм | жемістер | 0,0316 |
28. | Алма | килограмм | жемістер | 0,0316 |
29. | Саңырауқұлақтар | килограмм | жеміс сабағы | 0,0423 |
30. | Таңқурай | килограмм | жемістер | 0,0792 |
31. | Итшомырт шырғанақ | килограмм | жемістер | 0,2376 |
32. | Грек жаңғағы | килограмм | жемістері | 0,0831 |
33. | Қызыл, қара қарақат | килограмм | жемістері | 0,2376 |
34. | Ақ, қара тұт | килограмм | жемістері | 0,0297 |
Техникалық шикізаттар | ||||
35 | Қамыс | тонна | шикізат | 0,0712 |
Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/437-VI шешіміне 3-қосымша |
Түркістан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындағаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Р/с | Ағаш және бұта тұқымдастарының атаулары | Екінші дәрежелі сүрек ресурстары | Өлшем бірлігі (тонна) | Төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Емен, шаған | бұтақтар | тонна | 0,082 |
жапырақтар | тонна | 0,061 | ||
томарлар | тонна | 0,020 | ||
2. | Қарағаш, үйеңкі | бұтақтар | тонна | 0,028 |
жапырақтар | тонна | 0,021 | ||
томарлар | тонна | 0,007 | ||
3. | Ағаш тектес тал, терек | бұтақтар | тонна | 0,022 |
жапырақтар | тонна | 0,016 | ||
томарлар | тонна | 0,005 | ||
4. | Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ | бұтақтар | тонна | 0,070 |
жапырақтар | тонна | 0,052 | ||
томарлар | тонна | 0,017 | ||
5. | Өрік, долана, шие, жиде, түт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар | бұтақтар | тонна | 0,046 |
жапырақтар | тонна | 0,034 | ||
томарлар | тонна | 0,011 | ||
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 587-бабының 3-тармағына сәйкес, |