Арыс қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 107 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 29 сәуірде № 5011 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140 бабының 2 тармағына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арыс қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Ақтаевқа жүктелсін.

      Қала әкімі М. Қадырбек

  Арыс қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "26" сәуірдегі
№ 107 қаулысына
қосымша

Арыс қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

      1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін – таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.

      2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорынның дамуына жұмсалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады