Кентау қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2019 жылғы 7 қарашадағы № 531 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 8 қарашада № 5239 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабының 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген "Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларына" сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 207 "Кентау қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4184 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 19 тамыздағы "Кентау шұғыласы" газетінде және 2017 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.Расұлға жүктелсiн.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Д. Махажанов

  Кентау қаласы әкімдігінің
"7" қарашадағы 2019 жылғы
№ 531 қаулысына
1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға жұмыс орындары квотасы белгіленетін Кентау қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердіңтізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

2

3

4

5

1

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Кентау орталық қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

539

1

2

2

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Кентау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1260

1

3

3

Кентау қаласы әкімдігі тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Кентау сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

347

1

1

4

Кентау қаласы әкімдігі тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ащысай Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

197

1

1

5

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "№ 7 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

1

1

6

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Кентау көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

144

1

1

7

"Кентау трансформатор зауыты" акционерлік қоғамы

1061

1

2

8

"Ердес Наны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

41

1

1


Барлығы

3729


12


  Кентау қаласы әкімдігінің
"7" қарашадағы 2019 жылғы
№ 531 қаулысына
2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Кентау қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Басбостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

2

3

4

5

1

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Кентау орталық қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

539

1

1

2

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Кентау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1260

1

2

3

Кентау қаласы әкімдігі тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Кентау сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

347

1

1

4

Кентау қаласы әкімдігі тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ащысай Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

197

1

1

5

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "№ 7 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

1

1

6

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Кентау көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

144

1

1

7

"Кентау трансформатор зауыты" акционерлік қоғамы

1061

1

1


Барлығы

3688


8


  Кентау қаласы әкімдігінің
"7" қарашадағы 2019 жылғы
№ 531 қаулысына
3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Кентау қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

2

3

4

5

1

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "№ 7 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

1

1

2

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Кентау көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

144

1

1

3

"Кентау гуманитарлық-техникалық колледжі" жеке білім беру мекемесі

40

1

1

4

"Кентау колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

61

1

1

5

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Молда Мұса атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

214

1

1

6

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Иқан" жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

177

1

1

7

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

182

1

1

8

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "А.Югнаки атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

159

1

1

9

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Қызыл Әскер" жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

152

1

1

10

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Махмуд Қашғари атындағы жаратылыстану бағытындағы мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150

1

1


Барлығы

1419


10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады