Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы "Ауылдық елді мекендердегі мемлекеттік ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы" № 219 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 323 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 5303 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 219 "Ауылдық елді мекендердегі мемлекеттік ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы" (Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 4832 болып тiркелген, 2018 жылғы 15 желтоқсанда № 52/8130 "Кентау шұғыласы" газетінде және 2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Кентау қаласының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек жылына бір рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.".

      2. "Кентау қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қалалық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының төрағасы М. Кунпеисов
      Мәслихат хатшысы Т. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады