Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 677 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 27 желтоқсанда № 5332 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2020 жылғы 9 шілдедегі № 253 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 09.07.2020 № 253 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға;

      2) ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 309 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4281 тіркелген, 2017 жылғы 09 желтоқсанда "Кентау шұғыласы" газетінде және 2017 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Расұлға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Д. Махажанов

  Кентау қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "26" желтоқсандағы
№ 677 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет есебінен

11693

10448

1245

 
  Кентау қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "26" желтоқсандағы
№ 677 қаулысына 2-қосымша

Ата-ана төлемақысының мөлшері

Барлығы:

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)

291,00

357,00


      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады