Шектеу iс-шараларын алып тастау және Бәйдібек ауданы әкімдігінің Боралдай ауылдық округi әкiмiнiң 2019 жылғы 16 мамырдағы № 34 "Боралдай ауылдық округі Боралдай елді мекені К.Бердиев көшесіне шектеу іс-шаралары белгілеу туралы шешiмiнiң күшi жойылды деп тану туралы"

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 46 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 11 шілдеде № 5134 болып тiркелдi

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 46-бабының 2-тармағына және Бәйдібек аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 10 маусымындағы № 155 ұсынысы негiзiнде, Боралдай ауылдық округi әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мысықтың құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық iс-шаралар кешенiнiң жүргiзiлуiне байланысты Бәйдібек ауданы әкімдігінің Боралдай ауылдық округі Боралдай елді мекені К.Бердиев көшесінің аумағында шектеу iс-шаралары алып тасталсын.

      2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің Боралдай ауылдық округi әкiмiнiң 2019 жылғы 16 мамырдағы № 34"Боралдай ауылдық округі Боралдай елді мекені К.Бердиев көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5054 болып тiркелген, және 2019 жылы 27 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын өзiме қалдырамын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ауыл округi әкiмiнің
      міндетін уақытша атқарушы Н. Алтынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады