Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 332 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 11 желтоқсанда № 5293 болып тiркелдi

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140 бабының 2-тармағының екінші, бесінші және алтыншы абзацтарына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 38 "Аудандық мемелекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4906 тіркелген. 2019 жылғы 22 ақпанда "Қазығұрт тынысы" газетінде және 2019 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Қалымбетовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Т. Телгараев

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "10" желтоқсандағы
№ 332 қаулысына қосымша

Аудандық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері

      1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындар үшін – таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.

      2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорынның дамуына жұмсалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады