Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, ауданның жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт ауданы бойынша;
1) Қақпақ ауылы округі, Қақпақ елді мекенінің барлығы 395,42 гектар жеріне 5,15 гектар жайылым жер қосылып, Қақпақ елді мекенінің аумағы 400,57 гектарға;
2) Жігерген ауылы округі, Жігерген елді мекенінің барлығы 143,95 гектар жеріне 11,3 гектар жайылым жер қосылып, Жігерген елді мекенінің аумағы 155,25 гектарға;
3) Қызылқия ауылы округі, Қызылқия елді мекенінің барлығы 279,41гектар жеріне 3,15 гектар жайылым жер қосылып, Қызылқия елді мекенінің аумағы 282,56 гектарға;
4) Сарапхана ауылдық округі, Сарапхана елді мекенінің барлығы 351,96 гектар жеріне 4,2 гектар жайылым жер қосылып, Сарапхана елді мекенінің аумағы 356,16 гектарға;
5) Сарапхана ауылдық округі, Жіңішке елді мекенінің барлығы 146,4 гектар жеріне 2,2 гектар жайылым жер қосылып, Жіңішке елді мекенінің аумағы 148,6 гектарға;
6) Жаңабазар ауылы округі, Жаңабазар елді мекенінің барлығы 219,18 гектар жеріне 12,2 гектар жайылым жер қосылып, Жаңабазар елді мекенінің аумағы 231,38 гектарға;
7) Жаңабазар ауылы округі, Жаңаталап елді мекенінің барлығы 171,02 гектар жеріне 5,0 гектар жайылым жер қосылып, Жаңаталап елді мекенінің аумағы 176,02 гектарға;
8) Тұрбат ауылы округі, Тұрбат елді мекенінің барлығы 365,32 гектар жеріне 3,2 гектар жайылым жер қосылып, Тұрбат елді мекенінің аумағы 368,52 гектарға;
9) С.Рақымов ауылдық округі, Көкібел елді мекенінің барлығы 244,8 гектар жеріне 6,5 гектар жайылым жер қосылып, Көкібел елді мекенінің аумағы 251,3 гектарға;
10) Алтынтөбе ауылы округі, Қаржан елді мекенінің барлығы 547,67 гектар жеріне 10,2 гектар жайылым жер қосылып, Қаржан елді мекенінің аумағы 557,87 гектарға;
11) Қ.Әбдәлиев ауылдық округі, Рабат елді мекенінің барлығы 393,35 гектар жеріне 3,3 гектар жайылым жер қосылып, Рабат елді мекенінің аумағы 396,65 гектарға;
12) Қ.Әбдәлиев ауылдық округі, Еңбекші елді мекенінің барлығы 249,2 гектар жеріне 2,1гектар жайылым жер қосылып, Еңбекші елді мекенінің аумағы 251,3гектарға ұлғайтылып, шекаралары өзгертілсін.
2. "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Қазығұрт аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Телғараев |
Сессия төрағасы | С. Сманов |
Мәслихат хатшысы | У. Копеев |