Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 217 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 9 сәуірде № 4967 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 24 шілдедегі № 483 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 24.07.2019 № 483 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 2 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4413 тіркелген, 2018 жылдың 02 ақпандағы "Мақтаарал" газетінде және 2018 жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және, енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтаарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары А.Ешанқұловаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Асанов

  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"08" сәуір 2019 жылғы
№ 217 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Пушкин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

92

1

2

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Навои атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

79

1

3

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Мәдениет" жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

1

4

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Бегелдинов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

61

1

5

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

86

1

6

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "№ 124 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

84

1

7

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

65

1

8

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Бектасов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

92

1

9

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "№ 117 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

59

1

10

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Панфилов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

 1

11

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Береке жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

70

 1

12

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "№ 113 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

55

 1

13

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Бірлік" жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

92

 1

14

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Жаңа жол" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

73

1

15

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

67

1

16

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

65

1

17

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Датұлы" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

1

18

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Нұрлы жол" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

44

1

19

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Асыл мұра" жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

95

1

20

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Мақтажан" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

85

 1

21

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Жас алаш" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

80

1

22

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Әлімжан атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

53

1

23

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Бекежанов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

46

 1

24

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Абай атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

93

1

25

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Шұғыла" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

58

1

26

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Нұрлы таң" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

64

1

27

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің "Х. Доспанова атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

1

28

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мақтаарал ауданының "Атакент" аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

122

2

29

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мақтаарал ауданының "Мырзакент" аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

73

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады