Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 17.05.2021 № 310 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3. Кенттер мен ауылдық округтерінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастыруды, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды беру шарттарының бірдей және тең болуын қамтамасыз етсін.
4. Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 2161 "Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды және сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-7-155 тіркелген, 2011 жылдың 22 желтоқсанда "Мақтаарал" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтаарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Саттаровқа жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Асанов |
КЕЛІСІЛДІ:
Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Ниязбеков
"30" сәуір 2019 жыл № 47
Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "08" мамырдағы № 331 қаулысына 1 қосымша |
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 04.12.2020 № 514 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Белгіленген орындар |
1. | Мырзакент кенті, Ш.Тайғанов көшесі №50, №1 "Мырзакент" мектеп-гимназия" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
2. | Мырзакент кенті, С.Қожанов көшесі, №15, "Абылайхан атындағы №2 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
3. | Мырзакент кенті, К.Маркс көшесі, №56, "А.Пушкин атындағы №3 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
4. | Мырзакент кенті, Ізгілік (Энгельс) көшесі №8, "Мақтаарал АКК" ЖШС ғимаратының алдында орналасқан тақта |
5. | Мырзакент кенті, Т.Мәдіқожаев көшесі, №30, "Мырзакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы ғимаратының алдында орналасқан тақта |
6. | Мырзакент кенті, Жеңіс көшесі №10, "С.Рахымов атындағы №4 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
7. | Достық ауылдық округі, Достық ауылы, Б.Әбдешов көшесі, №42 Б, "Ғ.Мүсірепов атындағы №53 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
8. | Достық ауылдық округі, Гүлстан ауылы, Д.Ұзақов көшесі №9А, "М.Тұрсын-Заде атындағы №56 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
9. | Достық ауылдық округі, Хайдар ауылы, Б.Қаназаров көшесі, №23А, "С.Айни атындағы №55 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
10. | Достық ауылдық округі, Ж.Қалшораев ауылы, Елімай көшесі, №6А, "Қ.Әбдалиев атындағы №54 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
11. | Достық ауылдық округі, Бескетік ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, №24, "М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
12. | А.Қалыбеков ауылдық округі, Атамұра ауылы, Ш.Тұрғанбаев көшесі, №9А, "Қ.Қайсенов атындағы №51 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
13. | А.Қалыбеков ауылдық округі, Үлгілі ауылы, Орда көшесі, №41А, "Үлгілі" мәдениет үйі ғимаратының алдында орналасқан тақта |
14. | А.Қалыбеков ауылдық округі, Абат ауылы, Т.Сапаров көшесі, №23, "Ж.Нұрлыбаев атындағы №49 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
15. | Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы ауылы, М.Миманжораев көшесі, №6, "Ы.Алтынсарин атындағы №26 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
16. | Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Өнімкер ауылы, Ақтерек көшесі, №30А, "Ж.Нұрлыбаев атындағы №27 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
17. | Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Ырысты ауылы, Алғабас көшесі, №80 үй, "С.Торайғыров атындағы №30 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
18. | Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Мырзатөбе ауылы, Жастар көшесі, №14А, "М.Өтемісұлы атындағы №28 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
19. | Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Қарақыр ауылы, Нұрлыжол көшесі, №80, "А.Тұяқбаев атындағы №29 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
20. | Жаңажол ауылдық округі, Ақжол ауылы, І.Төленов көшесі, №32, №25 "Жаңа жол" жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
21. | Жаңажол ауылдық округі, Арайлы ауылы, Нұрлытаң көшесі, №13, "С.Датұлы атындағы №23 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
22. | Жаңажол ауылдық округі, Өргебас ауылы, Болашақ көшесі №8, "Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
23. | Жаңажол ауылдық округі, Фирдоуси ауылы, Түркістан көшесі, №5, "А.Фирдауси атындағы №24 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
24. | Жаңажол ауылдық округі, Нұрлыжол ауылы,Үлгілі көшесі, №27А, №21 "Нұрлы жол" жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
25. | Жаңажол ауылдық округі, Жеңіс ауылы, Көктем көшесі, №11, "Қ.Мүсірепов атындағы №20 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
26. | Еңбекші ауылдық округі, Т.Жайлыбаев ауылы, Желтоқсан көшесі, №1, "Абай атындағы №17 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
27. | Еңбекші ауылдық округі, Нұрлытаң ауылы, Атамекен көшесі, №40, №18 "Нұрлытаң" жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
28. | Еңбекші ауылдық округі, Шұғыла ауылы, 9 мамыр көшесі, №4, №19 "Шұғыла" жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
29. | Еңбекші ауылдық округі, Жантақсай ауылы, Жаңа құрылыс көшесі, №4 үй, "Х.Доспанова атындағы №16 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
30. | Иіржар ауылдық округі, Иіржар ауылы, Қайнар көшесі, №4, №10 "Асылмұра" жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
31. | Иіржар ауылдық округі, Дихан ауылы, Ынтымақ көшесі, №19А, "Қажымұқан атындағы №11 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
32. | Иіржар ауылдық округі, Алаш ауылы, Қайнар көшесі, №30А, №14 "Жас алаш" жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
33. | Иіржар ауылдық округі, Мақтажан ауылы, Әжіхан ата көшесі, №60, №15 "Мақтажан" жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
34. | Иіржар ауылдық округі, Азамат ауылы, Достық көшесі, №24А, "Х.Әлімжан атындағы №12 негізгі орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
35. | Иіржар ауылдық округі, Наурыз ауылы, Жұлдыз көшесі, №7, "Н.Бекежанов атындағы №13 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
36. | Атакент кенті, Н.Төреқұлов көшесі, №27, №5 "Мақтаарал" мектеп-гимназия" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
37. | Атакент кенті, А.Орлов көшесі, №10, №14 колледжі ғимаратының алдында орналасқан тақта |
38. | Атакент кенті, Ташкент көшесі, №72А, "В.Комаров атындағы №7 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
39. | Атакент кенті, Ташкент көшесі № 106, "Экспресс" ЖШс ғимаратының алдында орналасқан тақта |
40. | Атакент кенті, Болашақ көшесі № 1, "О.Бапышев атындағы №8 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
41. | Атакент кенті, М.Әуезов көшесі №7 А, "№9 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
42. | Бірлік ауылдық округі, Қ.Пернебаев ауылы, М.Қалмұратұлы көшесі, №2А, №34 "Бірлік" жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
43. | Бірлік ауылдық округі, Табысты ауылы, К.Жиренбаев көшесі, №14, "И.Панфилов атындағы №33 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
44. | Бірлік ауылдық округі, Қоңырат ауылы, А.Жаненов көшесі, №31, №35 "Болашақ" жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
45. | Бірлік ауылдық округі, Алғабас ауылы, Н.Мәшбек көшесі, №6А, №31 "Береке" жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
46. | Жамбыл ауылдық округі, Кеңесшіл ауылы, Д.Байжігітов көшесі, №1А, "Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
47. | Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылы, Жасұлан көшесі, №1А, "№36 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
48. | Жамбыл ауылдық округі, Жалын ауылы, Н.Құлжанов көшесі, №19, "Жамбыл атындағы №39 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
49. | Жамбыл ауылдық округі, Көкпарсай ауылы, Молшылық көшесі, №6Б, "С.Мұқанов атындағы №40 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
50. | Мақтарал ауылдық округі, Береке ауылы, Береке көшесі №2/А, "Әль-Фараби атындағы №47 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
51. | Мақтарал ауылдық округі, Көкарал ауылы, Алға көшесі №1/А, "Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
52. | Мақтарал ауылдық округі, Өркениет ауылы, Оқу кварталы көшесі, №1/А үй, Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық агробизнес колледжі ғимаратының алдында орналасқан тақта |
53. | Мақтарал ауылдық округі, Қаз ССР-нің 40-жылдығы ауылы, Тәуелсіздік көшесі №48, "А.Навои атындағы №44 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
54. | Мақтарал ауылдық округі, Игілік ауылы, Шұғыла көшесі, №16, "Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
55. | Мақтарал ауылдық округі, Н.Есентаев ауылы, Жастар көшесі №39, "М.Тоқжігітов атындағы №42 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
56. | Мақтарал ауылдық округі, Азаттық ауылы, Азаттық көшесі №2/А, "№41 жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
57. | Мақтарал ауылдық округі, Мәдениет ауылы, Мәдениет көшесі, №4/А, №45 "Мәдениет" жалпы орта мектебі" КММ ғимаратының алдында орналасқан тақта |
58. | Мақтарал ауылдық округі, Атамекен ауылы, Ж.Ибраев көшесі, №85, "Атакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы ғимаратының алдында орналасқан тақта |
Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "08" мамырдағы № 331 қаулысына 2 қосымша |
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 04.12.2020 № 514 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Әкімшілік аумақтық бірліктің атауы | Шарттық негізде берілетін үй жайлар |
1 | Мырзакент кенті | С.Қожанов көшесіндегі орналасқан Аудандық Мәдениет үйінің мәжіліс залы |
2 | Атакент кенті | Н.Төреқұлов көшесінде орналасқан "Халықтар достығы" мәдениет үйінің мәжіліс залы |