Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 27.10.2020 № 457 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабының 6-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ордабасы ауданында салық салу объектісінің елдi мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ордабасы ауданы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Түркістан облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулының Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Жолдыбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ордабасы ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
У.Халмұрадов
"22" мамыр 2019 жыл.
Ордабасы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "24" мамыр № 262 қаулысына қосымша |
Ордабасы ауданында салық салу объектісінің елдi мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
№ | Ауыл округінің атауы | Елді мекеннің атауы | Аймаққа бөлу коэффиценті |
1 | Қажымұхан | Темірлан | 1,85 |
2 | Амангелді | 1,70 | |
3 | Кажымұхан | 1,70 | |
4 | Ынталы | 1,70 | |
5 | Көктөбе | 1,65 | |
6 | Боралдай | 1,65 | |
7 | Қызыл сеңгір | 1,65 | |
8 | Бадам | Бадам | 1,85 |
9 | Мамыр | 1,80 | |
10 | Дербес | 1,80 | |
11 | Ордабасы | 1,75 | |
12 | Ақбұлақ | 1,75 | |
13 | Қарабастау | 1,75 | |
14 | Бөген | Бөген | 1,55 |
15 | Кемер | 1,50 | |
16 | Бөржар | Қайнар | 1,90 |
17 | Ұялыжар | 1,90 | |
18 | Ынтымақ | 1,65 | |
19 | Ықыластемір | 1,65 | |
20 | Теспе | 1,60 | |
21 | Жамбыл | 1,60 | |
22 | Бірлік | 1,60 | |
23 | Қалаш | 1,60 | |
24 | Жеңіс | Жеңіс | 1,55 |
25 | Дихан | 1,50 | |
26 | Қараспан | Қараспан | 1,70 |
27 | Бейсен Онтаев | 1,60 | |
28 | Ақжол | 1,60 | |
29 | Берген Исаханов | 1,60 | |
30 | Жұлдыз | 1,60 | |
31 | Ынтымақ | 1,60 | |
32 | Төреарық | 1,60 | |
33 | Көлтоған | 1,60 | |
34 | Ақпан | 1,60 | |
35 | Қараспан-2 (Батыр ата) | 1,60 | |
36 | Жаңатұрмыс | 1,60 | |
37 | Мәдениет | 1,60 | |
38 | Мақташы | 1,55 | |
39 | Сарыарық | 1,60 | |
40 | Қарақұм | Қарақұм | 1,55 |
41 | Төрткөл | Төрткөл | 1,80 |
42 | Ақсары | 1,50 | |
43 | Арыстанды | 1,50 | |
44 | Еңбекші | 1,50 | |
45 | Жайылма | 1,50 | |
46 | Қызылжар | 1,50 | |
47 | Елшібек батыр | 1,50 | |
48 | Көкарал | 1,50 | |
49 | Нұра | 1,50 | |
50 | Спатаев | 1,60 | |
51 | Шұбар | Шұбар | 1,80 |
52 | Аққойлы | 1,65 | |
53 | Береке | 1,75 | |
54 | Жусансай | 1,65 | |
55 | Сарытоғай | 1,65 | |
56 | Тоқсансай | 1,65 | |
57 | Шұбарсу | Шұбарсу | 1,85 |