Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 188 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 мамырда № 5073 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 374 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 19.08.2019 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Отырар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 02 наурызындағы № 39 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4477 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 30 наурыздағы "Отырар алқабы" газетінде жарияланған және 2018 жылғы 30 наурызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Айтаханов

  Отырар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 23 мамырдағы
№ 188 қаулысына
1 қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорынын, ұйымының, мекеменің атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері
(%)

1

Отырар ауданы білім бөлімінің "Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

229

1

2

Отырар ауданы білім бөлімінің Темір жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

149

1

3

Отырар ауданы білім бөлімінің "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

1

4

Отырар ауданы білім бөлімінің "Отырар жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

95

1

5

"Ш.Калдаяков атындағы мектеп гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

196

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады