Қарабұлақ ауылдық округіндегі елді мекеніндегі көшелерге қайта атау, атаусыз көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 8 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 наурызда 4926 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы және Түркістан облысы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 тамыздағы қорытындылары негізінде Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарабұлақ ауылдық округінің Қарабұлақ елді мекеніндегі көшелерге қайта атаулар берілсін:

      1) Рабочая көшеге - Жұмысшы атауы;

      2) Дружба көшеге- Достық атауы;

      3) Педогогическая көшеге - Ұстаздар атауы;

      4) Молодежная көшеге - Жастар атауы;

      5) Дзержинский көшеге - Егемендік атауы.

      2. Қарабұлақ ауылдық округінің Қарабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Қарабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Қайнар атауы;

      2) Қарабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Сортөбе атауы;

      3) Қарабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге -Үшағаш атауы;

      4) Қарабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Қарауылтөбе атауы;

      5) Қарабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Әулиекөл атауы;

      6) Қарабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Күлтөбе атауы;

      7) Қарабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Өрікті атауы.

      3. "Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Б. Шамуратовқа жүктелсін.

      5. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Ауылдық округінің әкімі А. Абдукадиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады