Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 16 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 ақпанда № 4914 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 тамыздағы қорытындысы негізінде, Дарбаза ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Дарбаза ауылдық округіне қарасты елді мекендер көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      Ердәуіт ауылындағы көшеге - Қанағат атауы;

      Ердәуіт ауылындағы көшеге - Шапағат атауы;

      Ердәуіт ауылындағы көшеге - Өркениет атауы;

      Ердәуіт ауылындағы № 1 көшеге - Жастар атауы;

      Тасқұдық ауылындағы көшеге - Халықтар достығы атауы;

      Тасқұдық ауылындағы көшеге - Бостандық атауы;

      Тасқұдық ауылындағы көшеге - Жаңажол атауы;

      Тасқұдық ауылындағы № 1 көшеге - Ақниет атауы;

      50 разъезд ауылындағы № 1 көшеге - Бірлік атауы.

      2. "Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сарыағаш ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау Дарбаза ауылдық округі әкімнің орынбасары С.Туғанбайға жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі Е. Алимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады