Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 8 мамырдағы № 297 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 8 мамырда № 5040 болып тiркелдi

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 30.06.2023 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 30.06.2023 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Алынып тасталды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 30.06.2023 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 151 "Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3083 тіркелген, 2015 жылдың 20 наурызда "Төлеби туы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулы Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі апаратының басшысы Е.Қадырбековке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Омарбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

      Ескерту. Келісу белгісі жаңа редакцияда - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 30.06.2023 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Төлеби ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 08 мамырдағы
№ 297 қаулысына
1 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 30.06.2023 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Төлеби ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 08 мамырдағы
№ 297 қаулысына
2 қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 30.06.2023 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Төлеби ауданы

1

Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, "АҚ Қазақстан Халық Банкі" Төлеби аудандық басқармасы ғимаратының жанында

2

Бірінші Мамыр ауылдық округі, Бірінші Мамыр ауылы, Д.Үмбеталиев көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі" ғимаратының жанында

3

Алатау ауылдық округі, Алатау ауылы, Б.Момышұлы көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Күншуақ" бөбекжай" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында

4

Аққұм ауылдық округі, Момынай ауылы, Ақтас көшесі, "Төлеби ауданының Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

5

Қоғалы ауылдық округі, Диханкөл ауылы, Бәйтерек көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Диханкөл" ауылдық клубы ғимаратының жанында

6

Қаратөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, С.Абдулла көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Қаратөбе" ауылдық клубы ғимаратының жанында

7

Жоғарғы Ақсу ауылдық округі, Мәдени ауылы, Бәйшешек көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Мәдени" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

8

Кемеқалған ауылдық округі, Абай ауылы, Кемеқалған көшесі, "Төлеби аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Кеме-қалған" дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанында

9

Көксәйек ауылдық округі, Көксәйек ауылы, Төлеби көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Х.Дулати атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

10

Зертас ауылдық округі, Зертас ауылы, Еламан–Сауран көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Аяулым" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында

11

Тасарық ауылдық округі, Тасарық ауылы, М.Әуезов көшесі, "Жеңіс" саябағының жанында

12

Қасқасу ауылдық округі, Қасқасу ауылы, Қуандық көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында

13

Киелітас ауылдық округі, Достық ауылы, Астана көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Рауан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады