Тастұмсық ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар беру туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігі Тастұмсық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 5 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 ақпанда № 4913 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы 6 сәуірдегі Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Тастұмсық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тастұмсық ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар берілсін:

      1) Тастұмсық ауылдық округіне қарасты, Қабанбай ауылындағы атауы жоқ көшеге Нұрлы жол атауы;

      2) Тастұмсық ауылдық округіне қарасты, Қабанбай ауылындағы атауы жоқ көшеге Бұлақты атауы;

      2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Тастұмсық ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Тастұмсық ауылдық округ әкімінің 18.12.2019 № 35 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тастұмсық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Г. Байназароваға жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Сарсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады