Тастұмсық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 5 "Тастұмсық ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Тастұмсық ауылдық округ әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 35 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 желтоқсанда № 5318 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, Түлкібас ауданы әкімдігінің Тастұмсық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тастұмсық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 5 "Тастұмсық ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4913 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Шешімнің қазақ тіліндегі мәтінінің 2-тармағындағы "Түлкібас ауданы әкімдігінің Тастұмсық ауылдық округі әкімінің аппараты" деген сөздер "Түлкібас ауданы әкімдігінің Тастұмсық ауылдық округ әкімінің аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Тастұмсық ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түлкібас ауданы әкімдігінің
      Тастұмсық ауылдық округ әкімі Қ.Сарсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады