Кемербастау ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар беру туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігі Кемербастау ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 12 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 наурызда № 4940 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы 6 сәуірдегі Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Кемербастау ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Кемербастау ауылдық округ әкімінің 25.11.2019 № 40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Кемербастау ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Кемербастау ауылдық округіне қарасты, Күмісбастау ауылындағы атауы жоқ көшеге Керуен атауы;

      2) Кемербастау ауылдық округіне қарасты, Елтай ауылындағы атауы жоқ көшеге Шақпақ атауы;

      3) Кемербастау ауылдық округіне қарасты, Алғабас ауылындағы атауы жоқ көшеге Атамакен атауы;

      4) Кемербастау ауылдық округіне қарасты, Алғабас ауылындағы атауы жоқ көшеге Теректі атауы.

      2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Кемербастау ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Кемербастау ауылдық округ әкімінің 25.11.2019 № 40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Шынгисбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады