Кемербастау ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 12 "Кемербастау ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Кемербастау ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 40 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 5278 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, Түлкібас ауданы әкімдігінің Кемербастау ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кемербастау ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 12 "Кемербастау ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4940 болып тіркелген, 2019 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Шешімнің қазақ тіліндегі мәтінінің 2-тармағындағы "Түлкібас ауданы әкімдігінің Кемербастау ауылдық округі әкімінің аппараты" деген сөздер "Түлкібас ауданы әкімдігінің Кемербастау ауылдық округ әкімінің аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Кемербастау ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түлкібас ауданы
      әкімдігінің Кемербастау
      ауылдық округ әкімі А. Шынгисбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады