Шардара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 543 "2019 жылға Шардара ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 6 мамырдағы № 171 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 8 мамырда № 5037 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына сәйкес Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шардара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 543 "2019 жылға Шардара ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 4827 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда "Шартарап-Шарайна" газетінде және 2018 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы респбликалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;

      3) осы қаулының Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Кистауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады