Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетiсай ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 1 наурыздағы № 221 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 4 наурызда № 4920 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жетісай ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Жетісай ауданында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді.

      4) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Құрманға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Бейсенбаев

  Жетісай ауданы әкімдігінің 2019
жылғы 1 наурыздағы № 221
қаулысына 1-қосымша

Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

      1. Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар үшін-таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.

      2. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорынның дамуына жұмсалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады