Жетісай ауданының Ж. Ералиев ауылдық округі Абай елді мекені Бейбітшілік көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Жетісай ауданы Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 74 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 26 маусымда № 5095 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № 90 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің 28.08.2019 № 90 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтарал аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 17 маусымдағы № 02-03/279 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жетісай ауданының Ж. Ералиев ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. А. Тавашаровтың жеке тұрғын үй ауласынан табылған ит өлексесінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Жетісай ауданының Ж. Ералиев ауылдық округі, Абай елді мекені, Бейбітшілік көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Жетісай ауданының "Ж. Ералиев ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Қазақстан Республикасы нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жетісай ауданы Ж. Ералиев
      ауылдық округі әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы К. Акишев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады