Ескерту. Күшi жойылды - Түркiстан облысы Жетысай ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімінің 25.09.2019 № 70 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтарал аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 02-03/329 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. А.Ильясовтың жеке тұрғын үй ауласынан табылған ит өлексесінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі, Нұр елді мекені, Абай көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Жетісай ауданының "Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ынтымақ ауылдық округі әкімі | М. Журхабаев |