Шектеу іс-шараларын алып тастау және Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 61 "Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі Нұр елді мекені Абай көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкiмiнiң 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 70 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 25 қыркүйекте № 5185 болып тiркелдi

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 02-03/407 ұсынысы негізінде, Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Иттің құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі, Нұр елді мекені Абай көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 61 "Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі Нұр елді мекені Абай көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5154 болып тіркелген, және 2019 жылғы 09 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Жетісай ауданының "Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданының әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жетісай ауданының
      Ынтымақ ауылдық округі әкімі М.Журхабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады