Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № 37 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 ақпанда № 4902 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 151 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 10.07.2020 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. "Келес ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Келес ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаевқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Есбаев

  Келес ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 5 ақпандағы
№ 37 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Келес ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)

Квотаның мөлшері
(%)

Жұмыс орындары-ның саны
(адам)

1

Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 1 О.Есимов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

159

1%

1

2

Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 33 Жуантөбе атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

130

1%

1

3

Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 22 З.Рустемов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

126

1%

1

4

Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 25 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

105

1%

1

5

Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 46 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

132

1%

1

6

Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 40 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

154

1%

1

7

Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 13 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

112

1%

1


  Келес ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 5 ақпандағы
№ 37 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Келес ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)

Квотаның мөлшері
(%)

Жұмыс орындарының саны
(адам)

1

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Абай" Келес аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1340

1%

1

2

Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 41 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

111

1%

1


  Келес ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 5 ақпандағы
№ 37 қаулысына 3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айрылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Келес ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)

Квотаның мөлшері
(%)

Жұмыс орындарының саны
(адам)

1

Түркістан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 13 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

139

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады