Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 ақпандағы № 69 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 ақпанда № 4917 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 377 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 31.12.2019 № 377 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. "Келес ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Келес ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сексенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Есбаев

  Келес ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 26 ақпандағы
№ 69 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Абай" Келес аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1385

4

3

2

Келес ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

70

2

1

3

Келес ауданының "Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 7 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

126

3

1

4

Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 2 Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

201

3

1

5

Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 23 1 Мамыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

110

3

1

6

Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 40 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

147

3

1

7

Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 35 А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

67

2

1

8

Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 9 Көлтоған атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

106

3

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады