"Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 149 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 мамырда № 5929 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.04.2020 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 878 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 18001 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4250 болып тіркелген, 2016 жылғы 11қаңтардғы "Дидар", 2016 жылғы 12 қаңтардағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5-тармақтың бірінші бөлімінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші бөлім маманының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындауы. Орындалу ұзақтығы – өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiк беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні; өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні; бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына жаңа куәлікті беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні;";

      5-тармақтың екінші бөлімінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiк беру – емтиханды табысты тапсырған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;";

      8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) көрсетілетін қызметті беруші бөлім маманының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындауы.

      Орындалу ұзақтығы – өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiк беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні; өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні; бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына жаңа куәлікті беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні;".

      2. Облыстың жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегікөшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады