Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының және Глубокое ауданының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 185 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы № 30/331-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 маусымда № 6038 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және "Өскемен қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 46 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы бірлескен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының жалпы ауданы 94,8173 гектар, соның ішінде 18,9429 гектар елдi мекендер жерлері, 8,513 гектар өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер, 67,3614 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің бір бөлігін Өскемен қаласының шегіне беру жолымен Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының және Глубокое ауданының шекаралары өзгертілсін.

      2. Өскемен қаласының және Глубокое ауданының әкімдері жер-есебі құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.

      3. Осы бірлескен шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Ахметов
      Сессия төрағасы Р. Джангурчинов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2019 жылғы 5 маусымдағы
№ 185 қаулысына қосымша
  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2019 жылғы
14 маусымдағы № 30/331-VI
шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы жерлерінің Өскемен қаласының шегіне қосылатын бөлігінің экспликациясы

Аудан атауы

Ауылдық округтің атауы

Өскемен қаласының шегіне қосылатын жерлер алаңы (гектар)

Оның ішінде:

елдi мекендердiң жерлері

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

Глубокое

Бобровка ауылдық округі

94,8173

18,9429

8,513

67,3614

Барлық жерлер:

94,8173


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады