ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының 05-070-053 есептік кварталында орналасқан алаңы 286,86 га М.Ырысбеков сұрап отырған жер учаскесіндегі (мал жаю үшін) Александровка өзенінің (оң жағалау), Медведка өзенінің (сол жағалау), Крестовец бұлағының және оның № 1-2 сол жағалау салаларының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының 05-070-053 есептік кварталында орналасқан алаңы 286,86 га М. Ырысбеков сұрап отырған жер учаскесіндегі (мал жаю үшін) Александровка өзенінің (оң жағалау), Медведка өзенінің (сол жағалау), Крестовец бұлағының және оның №№ 1-2 сол жағалау салаларының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Алтай ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
2019 жылғы "___"_______________
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "03" қыркүйектегі № 303 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының 05-070-053 есептік кварталында орналасқан алаңы 286,86 га М. Ырысбеков сұрап отырған жер учаскесіндегі (мал жаю үшін) Александровка өзенінің (оң жағалау), Медведка өзенінің (сол жағалау), Крестовец бұлағының және оның сол жағалау саласының № 1-2 су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||||
Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қарастырылып отырған тұстама шегіндегі Александровка өзені (оң жағалау) | 12,7 | 672,61 | 500 | 6 | 12,01 | 35 |
Қарастырылып отырған тұстама шегіндегі Медведка өзені (сол жағалау) | 9,8 | 18,84 | 35 | |||
Қарастырылып отырған тұстама шегіндегі Крестовец бұлағы және оның №№ 1-2 сол жағалау салалары | 8,4 | 28,45 | 35 |
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.