Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы Күршім өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 386 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 қарашада № 6270 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы

      Күршім ауданының аумағындағы Күршім өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы Күршім өзенінің су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Күршім ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Экология, геология және табиғи ресурстар
      министрлігі Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясының басшысы Қ. Баймағамбетов

      2019 жылғы "___"_______________

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2019 жылғы "04" қарашадағы
  № 386 қаулысына
  қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы Күршім өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Су объектісі,
оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

1

2

3

4

5

6

7

Күршім өзені:
сол жағалау

 
146,6

 
7328,4

 
500

 
163,6

 
1636,0

 
100

оң жағалау

157,8

7889,3

500

166,47

1664,7

100

урбанизацияланған
аумақтар:
Сарытау ауылы

 
0,3

 
15,5

 
500

 
-

 
-

 
-

Үшбұлақ ауылы

1,3

64,7

500

1,98

19,8

100

Маралды ауылы

1,2

57,7

500

1,02

10,2

100

Теректі бұлақ ауылы

1,75

87,6

500

1,27

12,7

100

Топтерек ауылы

0,38

19,1

500

1,19

11,9

100

Бурабай ауылы

1,885

94,2

500

2,07

20,7

100

Сарыөлең ауылы

0,05

2,2

500

-

-

-

Бірлік ауылы

1,57

78,3

500

0,69

2,4

35

Барақ батыр ауылы

2,61

130,5

500

1,06

3,7

35

Күршім ауылы

6

324,9

500

7,83

27,4

35

Күршім өзеніне құятын өзендер мен бұлақтар:
оң жағалаудан




 
62

 
620,0

 
100

сол жағалаудан




40,02

400,2

100

арналар бойынша
сол жағалаудан




0,98

3,4

35

оң жағалаудан




16,1

56,4

35

      Ескертпе:

      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады