Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының құрамдас бөлігін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 376 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/378-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қарашада № 6275 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, "Семей қаласының көшелерін қайта атау жөніндегі ұсыныстарды енгізу туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1362 қаулысы және Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 27/179-VI шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 9 тамыздағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Краснознаменная көшесі Баян Байғожина көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Ахметов
      Сессия төрағасы Г. Чемоданов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады