ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 510-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 44/3-VI "Өскемен қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5996 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерге Салық кодексінің 506-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1 аймақ бойынша – 30 % арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
3 аймақ бойынша – 10 % төмендетілсін;
4 аймақ бойынша – 30 % төмендетілсін.
Бекітілген аймақтарға бөлу схемалары бойынша елді мекендердің жерлеріне Салық кодексінің 505-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1 аймақ бойынша – 31 % арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 33 % арттырылсын;
3 аймақ бойынша – 35 % арттырылсын;
4 аймақ бойынша – 38 % арттырылсын;
5 аймақ бойынша – 41 % арттырылсын;
6 аймақ бойынша – 44 % арттырылсын;
7 аймақ бойынша – 46 % арттырылсын;
8 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 13.03.2021 № 3/7-VII шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 37/4-VІ "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-206 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Тлеукенов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | А. Светаш |