Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы 34/227–VI "Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 45/295-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 6322 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 23/134-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 29.03.2024 № 23/134-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 1 - тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 34/227-VI "Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 31 қаңтарда № 5-2-207 болып тіркелген, 2019 жылғы 07 ақпанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесінде:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган - "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) көрсетеді.

      Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Семей қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.";

      2- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырмасы ретiнде айқындалады.

      Телекоммуникация желісінде қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді.";

      3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі Семей қаласында тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес, жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша жер учаскесін күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылатын коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар түріндегі үй-жайдардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";

      9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, энергиямен, газбен қамтуға, жеделсатыларға қызмет көрсетуге, сумен қамтуға, суды бұруға, жылу энергиясына, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға, телекоммуникация қызметтеріне арналған шығындар қызмет көрсетушілер тарифтері бойынша өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанындағы орта есеппен ескеріледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Б. Қайрамбаев
      Қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Ақжалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады