Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 17.07.2020 № 54/394-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қаласы мәслихатының "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібінің қосымша ережелері туралы" 2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/276-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4447 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспе бөлімі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
осы шешімнің қосымшасының 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
Митингілер мен жиналыстарды өткізу орындары:
"Ажалдан да күшті" монументіне іргелес оң жақтағы (Биологиялық орталық жағынан) алаң;
М. Әуезов атындағы алаң;
Жамақаев көшесіндегі Ленин ескерткіші жанындағы саяжол (аллея);
Абай атындағы алаң;
орталық алаң;
бұрынғы көлік жөндеу зауыты (Мелькомбинат аумағы);
"Энергетик" шағын ауданы ("Семей-Водоканал" КМК аумағы).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың хатшысы | Б. Акжалов |