Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 01.04.2021 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабы 1-тармағының 3) тармақшысына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің келесі санаттарын тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;
3) көп балалы отбасылардың балаларына;
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.
2. Тегін тамақтандыру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұйымдастырылады:
1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;
3) мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;
4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;
5) (мемлекеттік) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) "Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;
6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер). Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелену кезеңінде тегін тамақтану құқығы жыл сайын осы қаулының 2 тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиіс.
Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыруды қаржыландыру шығындары, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
3. "Абай аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Абай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Абай ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.С. Смагуловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2019 жылғы 1 тамыздан бастап баратын тәрбиеленушілерге қолданылады.
Абай ауданының әкімі | Ж. Б. Байсабыров |