Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 25.10.2021 № 8/123-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №8/68-VІ "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4847 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы";
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жылы ағымында ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.";
2 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу "Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;";
2 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"5) шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеліп соққан жағдайлар туындаған кезде (мүгедек бала он сегіз жасқа толғанда, мүгедектігін алғанда, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқыған кезеңінде, мүгедек бала қайтыс болғанда) төлем сәйкес жағдай туындаған айдан келесі айда тоқтатылады.";
3 тармағына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ш. Омаров |
Аягөз аудандық мәслихат хатшысы | С. Искаков |