Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 6044 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 28.05.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2019 жылғы 11 маусымдағы № 116 ұсынысы негізінде, Тарбағатай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Аягөз ауданының Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылында мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы "Тарбағатай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілінген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кеиін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Аягөз ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Аягөз ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тарбағатай ауылдық округінің әкімі Е. Ережепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады