РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық испекторының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 171 ұсынысы негізінде, Жезкент кенттік округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ит пен мысық арасында жұқпалы құтыру ауруын жою бойынша ветеринариялық - санитариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты, Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округінің Южная көшесі бойынша №1, 1А,3 5, 7 үйлерінде, Дружба көшесі бойынша № 65, 65А үйлерінде, 60 лет КССР көшесі бойынша № 2, 4, 6, 10 үйлерінде, № 68 үйде және "Общество сад" саяжай алабында шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
2. Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 2 "Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі Жезкент кенті Южная көшесі бойынша № 1, 1А, 3, 5, 7 үйлеріне, Дружба көшесі бойынша № 65, 65 А үйлеріне, 60 лет КССР көшесі бойынша № 2, 4, 6, 10 үйлеріне, № 68 үйге және "Общество сад" саяжай алабына шектеу іс- шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-200 тіркелген, 2019 жылғы 22 ақпанда "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2019 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) оның ресми жарияланғанынан кейін осы шешімнің Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жезкент кенттік | |
округінің әкімі | Қ.Отузбаев |