РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 -бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Бородулиха ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 945 ұсынысы негізінде, Новошульба ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округінің "Лазарев и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндеірі қара мал ауыл шаруашылығы жануарларының арасында қарасан ауруының ошағын жою бойынша ветеринариялық - санитариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуынабайланысты карантиндік іс-шаралар алынсын.
2. "Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округінің "Лазарев и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде карантиндік іс-шаралар белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 8 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-186 тіркелген, 2018 жылғы 7 желтоқсанда "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 6 желтоқсанда жарияланған).
3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) оның ресми жарияланғанынан кейін осы шешімнің Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Новошульба ауылдық | |
округінің әкімі | К. Карымова |