Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 7/6-VІ "Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 ақпандағы № 30/6-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 наурызда № 5747 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 7/6-VІ "Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4793 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Глубокое ауданы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерiн бекіту туралы".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. ПсарҰв
      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады