Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 273 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 шілдеде № 6068 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 392 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 11.10.2019 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі)
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекетік сатып алу туралы" Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 28-2 тармағының 3) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелді), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" бұйрығының 4 қосымшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18120 болып тіркелді) сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Глубокое ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

      2. "Глубокое ауданының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Глубокое ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Р. Сейткановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының әкімі К. Байгонусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады