Глубокое ауданының Ушаново ауылдық округінің Ушаново ауылында ірі қара малға шектеу іс-шараларын тоқтату және Глубокое ауданы Ушаново ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 4 "Глубокое ауданы Ушаново ауылдық округі Ушаново ауылының ірі қара малдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ушаново ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 желтоқсанда № 6428 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 543 ұсынысы негізінде, Ушаново ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін өткізуге байланысты, Глубокое ауданының Ушаново ауылдық округінің Ушаново ауылында ірі қара малға шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ушаново ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 4 "Глубокое ауданы Ушаново ауылдық округі Ушаново ауылының ірі қара малдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6021 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 маусымда жарияланған) шішімінің күші жойылған деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ушаново ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Глубокое ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ушаново ауылдық округінің әкімі Е. Кумаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады