Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Абай облысы Жарма ауданы әкімдігінің 29.12.2022 № 528 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарма ауданының аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары, осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Алып тасталды - Абай облысы Жарма ауданы әкімдігінің 29.12.2022 № 528 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. "Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Ибраевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
Н. Нургалиев |
"КЕЛІСІЛДІ": Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы "__" ______ 2019 жыл |
М. Каримов |
Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 101 қаулысына қосымша |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Жарма ауданы әкімдігінің 29.12.2022 № 528 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ р/с | Елді мекен атауы | Үгіттік материалдарды орналастыратын орын |
Ақжал ауылдық округі | ||
1 | Жаңаөзен ауылы | Ж. Жабаев көшесі 1 Б, "Абай облысы Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы ғимарат |
2 | Ақжал ауылы | А кварталы 49, "Оралбай" мешітінің ғимаратына қарама-қарсы |
Аршалы ауылдық округі | ||
3 | Аршалы ауылы | 2 квартал 39, Абай облысы білім басқармасы "Жарма ауданы білім бөлімінің Аршалы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы |
Әуезов кенті | ||
4 | Әуезов кенті | Мұхамедсайди Сәдуақасов көшесі 90 В, "Абай облысы Жарма ауданы Әуезов кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне ғимаратына қарама-қарсы |
Белтерек ауылдық округі | ||
5 | Белтерек ауылы | Бүркітов көшесі 2, Абай облысы білім басқармасының "Жарма ауданы білім бөлімінің Қажыгелді атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ғимаратына қарама-қарсы |
6 | 8 март ауылы | Мәдениет көшесі 1, Абай облысы білім басқармасының "Жарма ауданының Балықтыкөл негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы ғимарат |
Бірлік ауылдық округі | ||
7 | Бірлік ауылы | Әлжанов көшесі 26, "Абай облысы Жарма ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы |
Бірлікшіл ауылдық округі | ||
8 | Сұлусары ауылы | Достық көшесі 36 "Абай облысы Жарма ауданы Бірлікшіл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағындағы |
Божығұр ауылдық округі | ||
9 | Қаражал ауылы | Гагарин көшесі 55, Абай облысы білім басқармасының "Жарма ауданының білім бөлімінің Қаражал негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы |
10 | Салқынтөбе ауылы | Алтынсарин көшесі 33, "Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданының білім бөлімінің Салқынтөбе негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында |
Жаңғызтөбе кенті | ||
11 | Жаңғызтөбе кенті | 9 квартал 105, "Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы білім бөлімінің "Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы |
8 квартал 5, "Нұр-Тоқтар" мешітінің ғимаратына қарама-қарсы | ||
7 квартал 110, Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің "47007 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында | ||
10 квартал 2, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасының ғимаратына қарама-қарсы | ||
12 | Шуақ ауылы | 3 квартал 3 А, Абай облысы білім басқармасының "Жарма ауданының білім бөлімінің №236 орта мектебі" ғимаратының сол жағында |
Жарма кенті | ||
13 | Жарма кенті | 3 квартал 33, "Абай облысы Жарма ауданы Жарма кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы |
Жарық ауылдық округі | ||
14 | Малай ауылы | Западная көшесі 58, Абай облысы білім басқармасының "Жарма ауданының білім бөлімінің Малай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы |
15 | Жарық ауылы | Абай көшесі 26, "Абай облысы Жарма ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы ғимараты |
Қалбатау ауылдық округі | ||
16 | Қалбатау ауылы |
Ахтамберді жырау көшесі 27, Абай облысы білім басқармасының "Жарма ауданы білім бөлімінің Маяковский орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме ғимаратына қарама-қарсы |
17 | Батыр Қапай ауылы | Мира көшесі 17, Абай облысы білім басқармасының "Жарма ауданының білім бөлімінің Васильковка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы |
Қапанбұлақ ауылдық округі | ||
18 | Қапанбұлақ ауылы | Боранбай би көшесі 1, "Абай облысы Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында |
19 | Егінбұлақ ауылы | Қ. Өтепханұлы көшесі 1, Абай облысы білім басқамасының "Жарма ауданының білім бөлімінің С. Әлімбетов атындағы негізгі мектебі" ғимаратына қарама-қарсы |
20 | Балықтыкөл ауылы | Тәуелсіздік көшесі 3/2, Тәуелсіздік көшесі 3/1үйіне қарама-қарсы |
Қарасу ауылдық округі | ||
21 | Қоңырбиік ауылы | Жаңажол көшесі 22, Абай облысы білім басқармасының "Жарма ауданы білім бөлімінің Қоңырбиік негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы |
22 | Кіші Қарасу ауылы | Лекеров көшесі 12, "Жас қанат" жеке кәсіпкердің ғимаратына қарама-қарсы |
Қаратөбе ауылдық округі | ||
23 | Әди ауылы | 1-квартал 46, Абай облысы "Жарма ауданының білім бөлімінің А. Шәріпов атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы |
24 | Кеңтарлау ауылы | Абай көшесі 10, "Үміт" жеке кәсіпкердің ғимаратына қарама-қарсы |
25 | Қаратөбе ауылы | 2 квартал 1, "Абай облысы Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы |
Қызылағаш ауылдық округі | ||
26 | Қарасу ауылы | Ардагер көшесі №10, "Қарасу" шаруа қожалығының ғимаратына қарама-қарсы |
27 | Қызылағаш ауылы | Абай көшесі № 20, "Мұрат" жеке кәсіпкерінің ғимаратына қарама-қарсы |
Суықбұлақ кенті | ||
28 | Ұзынжал ауылы | Центральная көшесі 51, Абай облысы "Жарма ауданының білім бөлімінің Ұзынжал негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы |
29 | Жайма ауылы | Абай көшесі 100, Абай облысы "Жарма ауданының білім бөлімінің Арқалық негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы |
30 | Суықбұлақ кенті |
Кенесары хан көшесі 7, Абай облысы "Жарма ауданының білім бөлімінің Новотаубинка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы |
Үшбиік ауылдық округі | ||
31 | Үшбиік ауылы | Байғара көшесі 6, "Абай облысы Жарма ауданы Үшбиік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы |
Шалабай ауылдық округі | ||
32 | Шалабай ауылы | Мәсәлім көшесі 13, "Абай облысы Жарма ауданы Шалабай ауылдық округі әкімінің аппараты" ғимаратына қарама-қарсы |
Шар қаласы | ||
33 | Шар қаласы | Қабанбай көшесі 122, Абай облысы "Жарма ауданы әкімдігінің Шар қаласының мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы |
Варепа көшесі 87, Абай ауданының білім басқармасы "Жарма ауданының білім бөлімінің Б. Тұрсынов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы | ||
Е. Боранбаев көшесі 20, Абай ауданының білім басқармасының "Жарма ауданының білім бөлімінің Т. Қобдықов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы | ||
34 | Көшек ауылы | Абай ауданының білім басқармасының "Жарма ауданының білім бөлімінің Көшек негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы |
Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "19" сәуірдегі № 101 қаулысына № 2 қосымша |
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - Абай облысы Жарма ауданы әкімдігінің 29.12.2022 № 528 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).