Шектеу іс-шараларын алу және "Жарма ауданының Қаратөбе ауылдық округінің Қаратөбе, Кеңтарлау, Әди ауылдарына, "Қарадонғал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Ержан" шаруа қожалығына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" Жарма ауданының Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 02 қарашадағы № 1 шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 тамыздағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 тамызда № 6130 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 26 ақпандағы № 67 ұсынысы негізінде, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Жарма ауданының Қаратөбе ауылдық округінің Қаратөбе, Кеңтарлау, Әди ауылдарында, "Қарадонғал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде, "Ержан" шаруа қожалығында шектеу iс-шаралары алынсын.

      2. Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 02 қарашадағы № 1 "Жарма ауданының Қаратөбе ауылдық округінің Қаратөбе, Кеңтарлау, Әди ауылдарына, "Қарадонғал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Ержан" шаруа қожалығына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-158 тіркелген, 2018 жылы 9 қарашада "Қалба тынысы" аудандық газетінде және 2018 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі М. Туякбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады