Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округінің Қаратөбе, Кеңтарлау, Әди ауылдарына, "Қарадонғал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Ержан" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 6 қарашада № 5-10-158 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 тамыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 23.08.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 326 ұсынысы негізінде, Қаратөбе ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:

      1. Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округінің Қаратөбе, Кеңтарлау, Әди ауылдарының, "Қарадонғал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, "Ержан" шаруа қожалығының ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімінің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қаратөбе ауылдық
      округ әкімі М. Туякбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады