Зайсан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы № 23-2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 мамырдағы № 40-7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 маусымда № 5999 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 22/4-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 23.05.2024 № 22/4-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы № 23-2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3217 нөмірімен тіркелген, "Достық" газетінің 2014 жылғы 12 сәуірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      1 тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "8) "уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – Зайсан аудандық қамсыздандыру бөлімі.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "4) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;";

      6-тармақ 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) мектепке дейінгі ұйымдарға баратын көпбалалы отбасылардың балалары және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.";

      6-1 тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      4) отбасында көп баланың және/немесе мектепке дейінгі ұйымдарға баратын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың болуы негіздеме болып табылады.";

      7-тармақ келесі абзацпен толықтырылсын:

      "осы Ереженің 6-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген алушылар санаты үшін жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің алты есе мөлшерінде белгіленсін.";

      9 тармақтың 4) тармақшасының 3 абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталғандарға – 25 айлық есептік көрсеткіш;";

      10 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне және әлеуметтік мәні бар аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар адамдарға әлеуметтік көмек, алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Зайсан аудан әкімдігі бекіткен тізімнің негізінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Сайранов
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады