РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 71 – 1 – бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 – бабының 2 – тармағына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер телімдерін алып қоюсыз "Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Малеевск шахтасының өнеркәсіптік алаңы аумағында пайдалы қазбаларға барлау жүргізу үшін ауданы 25 га жер теліміне 2 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушылардың телімдеріне келтірілген шығындарға өтемақыны қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларға барлауды аяқтағаннан кейін бұзылған жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.
3. "Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген мерзімде:
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы қаулыны Алтай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) сервитут шартын жасауды;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Охременкоға жүктелсін.
5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының әкімі | Н. Токсеитов |