Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 211 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 мамырда № 5964 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 14.01.2020 № 8 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабы 1 - тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 - бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 - бабының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж. А. Аскароваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының әкімі Н. Токсеитов

  Алтай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 21 мамырдығы
№ 211 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Тізімдік саны бар ұйымдар

Квота мөлшері ( % )

елу адамнан жүз адамға дейін

2

жүз бір адамнан екі жүз елу адамға дейін

3

екі жүз елу бір адамнан көп

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады