"Gold Mining Corp." жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер теліміне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласы әкімінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қазанда № 6201 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 71-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес, Алтай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

      1. Алтай қаласында – "Зырян қорғасын комбинаты" АҚ ескі қалдық қойманың аумағында орналасқан (есептiк квартал 05-082-010) 05-082-030-003, 05-082-010-029 – кадастр нөмірлерімен жер учаскелерін енгізе отырып "Gold Mining Corp." жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу шекарасы шегінде меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер телімдерін алып қоюсыз 2020 жылдың 18 наурызы мерзіміне дейін ауданы 131 га жер теліміне "Пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін "Gold Mining Corp." жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут орнатылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласы әкімінің 24.01.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Алтай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуден өтуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей ресми жариялауды;

      3) осы шешімді Алтай ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. алынып тастылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласы әкімінің 24.01.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай қаласының әкімі К. Передельский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады